Қарақұйрық бөкені даланың, және Орталық Азия және Ресей шөлдері тұяқтыларының қоныс аударушы түрі болып табылады. Сайғақ Монғолияда, Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстанда, және кей кезде Түрменстанда да кездеседі. Сайғақ әдетте жатаған өсімдіктері бар, ашық жазық территорияларды мекендейді, бұл оған тез қозғалуға мүмкіндік береді; қалың өсімдікті, тегіс емес жерлерді ол әдетте жақтырмайды.
Таралу ареалының картасы-
1. Каспий маңы популяциясы, 2. Орал популяциясы, 3. Үстірт популяциясы, 4. Бетпақ дала популяциясы, 5. Монғол популяциясы. Ақпарат көздері: Milner-Gulland, E.J., Kholodova, M.V., Bekenov, A.B., Bukreeva, O.M., Grachev, Iu.A., Amgalan, L., Lushchekina, A.A. (2001) Dramatic declines in saiga antelope populations. Oryx 35, 340-345.
Бөкеннің бұл қоныс аударушы түрі, саны мыңға дейін жететін, үлкен табындармен өмір сүреді. Олар жоғары репродуктивтік және қалпына келу қасиеттерімен ерекшеленеді, жас ұрғашылар өмірінің алғашқы жылынан бастап төлдейді, содан кейін әр жыл сайын ұрпақ әкеледі. Бұл қасиет популяцияның қатты қыстар, аурулар және шамадан тыс аң аулауға қарамастан өмір сүруіне мүмкіндік береді.